Енді 18 жасқа дейінгі балалар желіде күніне 60 минут отыра алады. 1 сағат лимиті өткеннен кейін жасөспірімдер арнайы құпиясөз енгізуі тиіс. Ал 13 жасқа дейінгі балаларға ата-анасы құпиясөзді енгізгеннен кейін қосымша 30 минут пайдалануға рұқсат беріледі. TikTok бұл өзгерісті жақын арада енгізуді жоспарлап отыр.