Бес өңірде су тасқыны болуы мүмкін (видео)
Бес өңірде су тасқыны болуы мүмкін (видео)
Фото: Автордан
190
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Дереккөздің мәліметінше, наурыз айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан жоғары мөлшерде жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.   https://www.youtube.com/watch?v=UAunP6ghSlw Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы еліміздің барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр. «Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі көпжылдық нормадан 80 пайызға жоғары, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп. Жамбыл облысында қар нормадан 30 пайызға көп болса, Алматы облысы тауларында қар деңгейі нормадан 35-45 пайызға төмен», – деп мәлімдеме жасады «Қазгидромет». Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан