Қазгидрометтің болжамына сәйкес, наурыз айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы және жауын-шашын нормадан 1°С жоғары болады, ал еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында болады. Наурыз айының басында Баренц және Карск теңіздер аудандарынан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын, қар әкеледі. Солтүстік өңірлерде бұрқасын соғып, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ, желдің 18-25 м/с дейін күшеюі күтіледі. Ай басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклонымен ауа температурасының түнде -5-12°С, күндіз 0-8°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында 3-4 наурызда ауа температурасының төмендеуі болжанады: – солтүстікте түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін; – оңтүстікте түнде 0-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін. Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұл Батыс циклондарының ықпалымен және Оңтүстік Каспий циклонының шығуымен байланысты болады. Жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауымен болады. Солтүстігінде күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік бөлігінде +17+22°С дейін жоғарылауы болжанады. Ауа температурасының тағы бір төмендеуі Батыс антициклонымен байланысты онкүндіктің соңында болжанады. Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды. Наурыздағы ауа райы құбылмалы, бұл осы айға тән, еру көбінесе аязды күндермен алмастырылуы мүмкін және қысқы боран әлі де ойнауы мүмкін. Екінші онкүндіктің кейбір күндерінде суық арктикалық ауа массалары енуі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: – солтүстік өңірлерде түнде -15-23°С, күндіз -5-10°С-қа дейін; – еліміздің батысында, орталығында, шығысында түнде -13-18°С, күндіз 0-5°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -2-10°С, күндіз 0+5°С-қа дейін ауа температурасы сақталады. Республикада нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.