Астанадағы қайғылы жағдай: ауруханаға пышақ жарақатымен түскен мектеп директорына қатысты тың дерек шықты
Астанадағы қайғылы жағдай: ауруханаға пышақ жарақатымен түскен мектеп директорына қатысты тың дерек шықты
Фото: egemen.kz
Мектеп директоры әрі сайлауға кандидат ретінде тіркелген келіншек күйеуін пышақтап өлтірді, – деп хабарлады «Информбюро» бағдарламасы. Астанада №65 мектеп директоры әрі мәслихат сайлауына кандидат ретінде тіркелген келіншек күйеуін пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың шаңырағында болған екен. Ішкі істер органдарының мәліметінше, қарапайым отбасылық жанжал осылайша бір тбасының қара жамылуына әкеп соққан. Бір анығы 34 жастағы мектеп директоры суық қаруды қорғану мақсатында пайдаланған. Астананың оң жағалауында орналасқан  №65 мектеп ұжымы бүгінде төбелерінен жай түскендей жай кешуде. Өйткені бір айға еңбек демалысына өтініш жазып кеткен директор бар-жоғы алты күннен кейін мұндай ауыр жағдайда қалады деп ойламаған едік дейді. Еңбек өтілі 10 жылдан асатын биология пәнінің мұғалімі, кейіннен директор болған Нұргүл Елекеева өз ісіне тиянақты, жауапты маман екенін айтады бірауыздан мектеп ұжымы. «Өте еңбекқор адам. Өте ашық адам. Өз ісін өте жақсы біледі. Ұйымдастыру қабілеті өте жоғары деңгейде. Иә, әрине бұл жақсы жағдай емес. Өзіміздің де төбемізден жай түскендей болып қалды», – дейді Астана қаласы №65 мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлнаш Токишева. Отбасылық жанжал Ілияс Омаров көшесіндегі үйде шамамен түскі уақытта болған. Құзырлы органдардың айтуынша, әуелі күйеуі пышақпен әйелінің мойнын тіліп өтіп, кейіннен кеуде тұсын жарақаттаған. 34 жастағы келіншек өзін-өзі қорғау мақсатында жарына суық қару ала жүгіріп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Ал осы үйдің тұрғындары сол күні ешқандай шуды естімегендерін айтады.