Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды
Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды
© bugin.kz
899
оқылды
Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.  "Иә, біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Біз оны 7 наурызда күтеміз. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деп сенеміз", деп жауап берді Атқару комитеті өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына.