Кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндік
Кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндік
251
оқылды
«GREEN GROSS ECO» ЖШС үшінші шаһарда жаңадан іске қосылған өндіріс орны. Фармацевтика нарығында жаңадан қатарға қосылған мекеме медициналық құрал-жабдықтар, инсулин инелерін өндіреді. Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Альбина Елшиева, Абдуали Тасмурзаев және Бақытжан Жақсықұлов аталмыш кәсіпорынның ұжымымен кездесу өткізді. Жиында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жобалар жайлы әңгімеледі. – «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша түрлі шараларды жоспарлап отыр. Соның бірнешеуіне тоқталсам, жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие ашық және әділ бөлінуін қамтамасыз етеміз. 2027 жылға дейін 12 мың жұмыссыз адам қайта оқудан өтуі туралы қолжетімді ақпарат таратамыз. 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын бөлінетін 13 млрд теңге көлемінде қаражатты пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын боламыз, – деді өз сөзінде Бақытжан Жақсықұлов. 2027 жылдың соңына дейін кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 200 мыңнан асады, кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 45%-дан артады. Кездесу барысында осы және өзге де өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғалды. Ұжым қызметкерлері сайлауда көшбасшы партияны қолдап дауыс беретіндерін жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді