Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 2 наурыз күні 19:01-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 272 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.2. MPV, магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.