Ақтау әкіміне айыппұл салынды
Ақтау әкіміне айыппұл салынды
511
оқылды
Заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау қаласының әкіміне ақшалай өндіріп алу қолданылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ЖШС-тің Ақтау қаласының әкіміне қатысты талабы қанағаттандырылған. Атап айтсақ, сот шешімімен жауапкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуы заңсыз деп танылып, жердің нысаналы мақсатын өзгертуді, яғни бір ай ішінде ЖШС-нің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген. Алайда, осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмаған, жеткілікті уақыт өтсе де қала әкімі қолайлы әкімшілік акті қабылдауға ешқандай шара қолданбаған.