Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет елімізде 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон жырасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

«Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, солтүстік, батыс, шығыс, орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, батыс, орталығында – тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.