Алматыдағы әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды
Алматыдағы әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды
702
оқылды
Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
«3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», – делінген хабарламада.