Тараздағы ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты
Тараздағы ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты
Фото: видеодан скриншот
774
оқылды
Тараз қаласындағы ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Қала тұрғындары тұтқындар жаппай қашып кете ме деп алаңдап отыр, – деп хабарлады КТК телеарнасы. Өндірістік цехтардың бірінде өрт шықты. Онда ағаш өңделіп, дайын бұйымдар сақталады. Алау лезде шатырға жайылған. Қызметкерлер мен өрт сөндірушілер оны уақытында тоқтатты. Колонияда өрт шыққан кезде цехта ешкім болмаған. Барлығы басқа ғимаратта орналасқан камераларында болды.
"Өрт кезінде сотталғандар тарапынан қашу әрекеттері болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың себебі – қысқа тұйықталу", – деді Тараз қаласының № 59 төтенше қауіпсіздік мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ербол Нұржанов.