Алматыда «Ақтүннің» тұсауы кесілді
Алматыда «Ақтүннің» тұсауы кесілді
© Марат Жүнісбеков
1,376
оқылды
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Бауыржан Әліқожаның жақында ғана жарық көрген «Ақтүн» жыр жинағының тұсаукесер кеші өтті. Кешті аталған оқу орнындағы Журналистка факультетінің деканы, ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы ашып, ақын шығармашылығы мен азаматтығы туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылар, Байбота Қошым-Ноғай, Болат Әбенов, Дәулетбек Байтұрсынұлылар кеш иесінің жаңа кітабына құтты болсын айтып, ақ жол тіледі. [caption id="attachment_242856" align="alignnone" width="1600"]ақтүн © Марат Жүнісбеков[/caption] Университеттегі Фараби кітапханасының үлкен залында өткен шарада танымал әнші – композиторлар Өктем Алтаев, Төлжанбек Жақсыбаев, Сакен Дарибаев, Дәуір Сағындықұлы, Нұржан Абай сынды әншілер кеш иесінің сөзіне жазылған әндерін орындады. Арасында ақын өлеңдерін университеттің Журналистика факультетінің бір топ студенттері сахнаға шығып оқып берді. [caption id="attachment_242857" align="alignnone" width="1600"]ақтүн © Марат Жүнісбеков[/caption] Кітаптың тұсауын Халықаралық "АЛАШ" әдеби сыйлығының лауреаттары Байбота Қошым-Ноғай, Темірғали Көпбай, Нұржан Қуантайұлы, профессор Кәкен Хамзин, Клара Қабылғазина, Сағатбек Медеубекұлы және "Раритет" баспасының бас директоры Диана Шуканова мен Заң ғылымдары академиясының академигі Абдукахар Сейтжановтар кесті. Жаңа кітаптың таныстырылымына арналған кешті Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, ақын Бекжан Аширбаев жүргізіп отырды.