Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431,08 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435,69 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,62 – 5,72 теңгеден сатылуда. Айта кетейік, кеше қор нарығында доллар бағамы бірден 6 теңгеге арзандады.