Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды

Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.