Кәсіпкерлікке жүйелі қолдау бар
Кәсіпкерлікке жүйелі қолдау бар
295
оқылды
Ақпараттық-насихат тобы «ЮгРегионПласт» ЖШС ұжымымен кездесті. Партия тізімі бойынша сайлауға түсетін үміткерлер Жанар Бектаева, Альбина Елшиева, партия белсенділері Бақытжан Жақсықұлов, Гүлжайна Жартыбекова жұмысшылармен кездесті. Партия филиалының атқарушы  хатшысы Жанар Бектаева елімізде кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау тұрақты көрсететінін айтты. Ендігі мәселе – ұжымдағы жұмысшылардың құқығы мен мүддесін жақсарту. Ел аманатын арқалаған партия осы бағытты да назарға алып, сайлауалды бағдарламада өндіріс адамына қатысты бағыттар қаралғанын жеткізді. «ЮгРегионПласт» компаниясы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік «Бизнестің Жол картасы – 2020» және «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриализациялау картасы» бағдарламаларының қатысушысы. Бүгінде мұнда шығарылатын бірқатар өнімнің елімізде баламасы жоқ. Айта кетейік, 19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.