«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысында болды
«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысында болды
353
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды. Өңірде педагогтермен, ғалымдарымен, шаруалармен және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өтті. Аймақтағы педагогтермен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының білім беру саласындағы басымдықтары талқыланды. «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов бұл салада азаматтардың орынды наразылығын тудыратын бірқатар шешілмеген мәселе бар екенін атап өтті.  width=
«Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелердегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселелері бар. Еліміздің әрбір тұрғыны сапалы білімге қол жеткізе алуы тиіс», – деді Ерлан Қошанов.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар кітапханашылардың, зертханашылардың және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады. Бұл проблеманы білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін ұлғайту арқылы шешуге болады.  width= Бұдан соң партиялықтар «Жан-Арай» көпбейінді агроиндустриялық кешен алаңында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ұжымымен және облыстағы күріш өсірушілерімен кездесті. Ашық әңгіме барысында егін суаратын су тапшылығы, субсидиялау жүйесіндегі және тағы басқа да мәселелер талқыланды.  width= Осы күні спортшылар қауымымен кездесу өтіп, оған 400-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері спортшыларға партияның кәсіби және бұқаралық спортты дамытудағы, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары туралы айтып берді.