Алматыда бір топ жігіт жас қызды зорлап, тонап кеткен

Алматыда бір топ жігіт жас қызды зорлап, тонап кеткен

Алматыда жас жігіттер қызды тонап, артынша зорлап, оқиға орнынан тайып тұрған. Болған жайттың анық-қанығын полиция анықтады, – деп хабарлады ІІМ ресми сайты. К. есімді қыздың айтуынша, өзін белгісіз 5 жігіт тонап кеткен. Содан кейін олардың екеуі оны қорлаған.

Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін 5 күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды, – дейді жәбірленуші.
Бөлімшенің мәліметінше, тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.