Қаржы пирамидасының құрбандары
Қаржы пирамидасының құрбандары
©Сурет интернеттен алынды
Осыдан бір апта бұрын ғана құқық қорғау органдары  әлеуметтік же­лі мен мессенджерлерде та­рап жат­қан «Қазан» немесе «Қара касса» ойыны сияқты табыс табу­дың кү­­дікті тәсіліне жоламауға кеңес бе­ріп еді. Ал екі-үш күннен бері елі­мізде кезекті қаржы пирами­­дасы әшкере болып, оған ақша сал­­ған мыңдаған адам сан соғып қал­ды. Миллиардтарды жымқыр­ған фир­малардың басшы­ла­ры қамауға алынып жатыр, із суытып үлгергені де бар.  [embed]https://youtu.be/0Cv-V7QKc-0[/embed] «МММ», «Телемаркет», «Тибет», РДС, «Хопер-инвест» сияқты маңдай термен тапқан ақшаңды айласын асырып тартып алатын ұйымдарды білетіндердің өзі кезекті қаржы пирамидасының құрбанына айналып жатыр. Неге?