Астанада Аналар кеңесінің отырысы өтті
Астанада Аналар кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара барысында Аналар кеңесі мен серіктестері арасында меморандумға қол қойылып, кеңестің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Мерекелік жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи ашты. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті
«Әйел заты жаратылысынан адамзаттың, ұлттың тәрбиесіне жауапты. Сондықтан бұл – ұлы мереке. Халықаралық әйелдер мерекесін Аналар күні деп те атауға болады. Себебі әйелдер күні – өмірдің бастауы. Аналар ұлтына, тілі мен мәдениетіне қарамастан, адамзаттың жалғасы мен құндылықтарға жауапты. Ғаламдану процесіне іліккен қоғамда дәстүріміз бен мәдениетімізден қол үзіп қалу мәселесі, өз ұлтына деген көзқарастың өзгеруі кездеседі. Аналардың жұмысы – ұлттық кодты қалыптастыру. Тек сол жағдайда ғана еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелеп шығамыз», – деді ол.
Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко мерекемен құттықтап, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өрлеуінде әйелдердің рөліне тоқталды. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті
«Әйел мен ана – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық дәстүрін сақтаушы. Әйелдердің бұл тарихи рөлі қазір Қазақстанда жаңа мазмұнға ие болды. Бұл сөзіме әйелдердің саяси процеске қатысуы, сайлауалды партиялық тізімде және депутаттық мандатты бөлу кезінде әйелдер, жастарға 30 пайыздық квота енгізілгені дәлел. Мәселен, саяси партиялар Мәжіліс депутаттарының мандатына үміткер ретінде 281 кандидат тіркеді. Оның ішінде 80-і әйел. Ал Мәслихат депуттатығына 1447 үміткер болса, оның ішінде 434-і әйел», – деді ол.
Прокопенко Аналар кеңесінің жұмысы халықтың әлеуметтік белсенді тобы ретінде Қазақстан әйелдерінің зор әлеуетін көрсеткенін айтты.
Аналар кеңесі қоғамның әлеуметтік институты ретінде нығайды. Қазір елімізде 1800-ден астам аналар кеңесі жұмыс істейді, олар 6 мыңнан астам іс-шара өткізді. Оған 13 мыңға жуық адам жұмылдырылған, – деді Леонид Прокопенко.
Жиын барысында отбасы институтын нығайтуға, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бірқатар әйелге Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты табысталып, төсбелгісі тағылды. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Олардың арасында қоғамдағы әйелдердің, аналардың рөлін ерекшелеу, балалар тәрбиесі, ұлттық дәстүрді сақтау және дәріптеу бағытында жұмыс атқарып жүрген Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи марапатталды. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ілеспе-аудармашы Камал Әлпейісоваға алғыс хат табысталды. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Марапатталғандар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің мүшесі Баян Ахатай, балалар композиторы Алтын Маханбетова, Павлодар облысы Аналар кеңесінің төрайымы, 2022 жылғы «Ел Анасы» номинациясының иегері Бақытжамал Максилова бар. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті Сонымен қатар, Аналар кеңесі «Темекісіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының жетекшісі Жамилә Садықова және «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Астанада мерекеге орай Аналар кеңесінің отырысы өтті