Аланның қоржынында тағы бір алтын
Аланның қоржынында тағы бір алтын
Қазақстанның ең жас спорт шебері қарағандылық теннисші 16 жасар Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTA Youth Contender турнирінде үздік өнер көрсетті. Жарыс Португалияның Вила Реал қаласында өтуде. 17 жасқа дейінгі санатта ол Франсеска Карреруді (Испания), Хуан Рамиресті (Колумбия), Ной Виттельді (Франция), Энрике Риосты (Пуэрто-Рико), Мартин Сипаны (Чехия), Даниэль Берзосаны (Испания) және Драгош Бужоруды (Румыния) жеңді. Аланның қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Спортшыны Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов жаттықтырады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ