Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
322
оқылды
Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты 7 өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында түстен кейін көктайғақ болатыны болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысында да жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.