Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. «3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», - делінген хабарламада. Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2466 өтініш түскен.