19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды
19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
232
оқылды
Павлодар облысында өңірлік полицейлер өткізген брифингте 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталғаны хабарланды. «Күдікті ұсталды. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Ол кінәсін мойындады», – деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов. Полицейлер ұсталған ер адамның 2016-2018 жылдар аралығында мал ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын растады. Бірақ екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Біз бұған дейін Павлодар облысында Павлодар облысындағы Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында болған оқиғаны жазған болатынбыз.