Сот төрағасы сотталды
Сот төрағасы сотталды
395
оқылды
Жемқорлық жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабар­лады.
«Тараз қаласының №2 сотының үкі­мімен Жамбыл облысы Тараз қалалық со­тының төрағасы А.Мадемаров жем­қорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», – деп жа­зылған ресми мәлімдемеде.
Сот төрағасы бола тұра Мадемаров сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оңды шешім шығаруға жәрдемдескені үшін азаматты алдап, 1 миллион теңге мөлшерінде ақ­ша­лай қаржы алған. Ақыры сот төра­ғасының өзі соттың алдында жауапқа тартылды.