Ер адам жәбірленушімен әлеуметтік желіде хат алмасу барысында оны ұнатып қалғанын жеткізген. Сондай-ақ өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директорымын деп таныстырып, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді, соның ішінде жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап әрі қолма-қол ақшаға өте мұқтаж екенін айтып сендірген. Өз кезегінде жәбірленуші белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн банктік аударымдар арқылы әртүрлі сомада ақша аударып отырған. Осындай қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Т. жәбірленушіге 91,6 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. Залал өтелмеген. Ер адамның іс-әрекеттері алаяқтық, яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау ретінде сараланды. Апелляциялық шағымында сотталған адам тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұрады. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.