«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар медицина қауымының талап-тілектерін жинады

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар медицина қауымының талап-тілектерін жинады

Алматыда «AMANAT» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мобильді топтар күн сайын сайлаушылардың нұсқауларын, өтініштері мен ұсыныстарын жинайды. №5 қалалық емханада өткен кездесуде қызметкерлер мекемеге іргелес аумақты жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Медициналық мекемеде көлік тұрағы жоқ, сондықтан бұл мәселе науқастар мен емхана қызметкерлері үшін көптеген қолайсыздық  тудырады. Тек №20 автобус жүретіндіктен, лық толы автобуспен қатынау да қиын. Сонымен қатар  емхана қызметкерлері мекенжай бойынша қалалық тіркеуге тұру мен жұмысқа жақын жерде балабақшаның болмауының да өзіндік қолайсыздықтары барын айта кетті. №5 қалалық клиникалық аурухана ұжымымен кездесуде тұрғын үй мәселесі көтерілді. Жас мамандардың айтуынша, жыл сайын бөлінетін пәтерлер саны қала халқының сұранысын қамтымайды, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары болса балалардың бос уақытын өткізуге арналған тегін үйірмелер мен спорт секцияларының болмауына алаңдаулы. Сондай-ақ  ревматолог-мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, азаматтардың бағаның жоғары болуына орай жиі жүгінуге мәжбүр екенг, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірыңғай мемлекеттік баға саясатын белгілеу туралы мәселе көтерілді. Одан бөлек, №5 ҚКА қызметкерлері дәрігерлердің мәртебесі мен имиджін көтеру, құқықтық қорғалуын күшейтуде заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша көмек көрсетуді сұрады. Қалалық кардиологиялық орталықтың қызметкерлері қала сыртында тұратын тұрғындардың («Асыл арман» ТК, Қаскелен) жалғыз №16 маршрутта қатынау қиын екенін айтып берді. Күн сайын қаланың батыс бөлігінде тұратын қызметкерлер мен пациенттер толы автобуста қысылып-қымтырылып, көптеген қолайсыздыққа төзуге мәжбүр. Осыған орай қаладағы жалғыз Республикалық маңызы бар кардиоорталыққа дейін қалалық маршруттар санын ұлғайту бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар дәрігерлер экология мәселесіне алаңдайды – олардың пікірінше, шығарылған улы газ мен ауыр металдардың тұздары астмадан бастап, онкологияға дейін әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін. №8 қалалық емханада өзекті мәселелердің бірі – емхана маңында жарықтың болмауы, бұл қараңғы уақытта қауіпті, өйткені бұзақылық пен тонау жағдайлары тіркелген. Сондай-ақ медицина қызметкерлері азық-түлік бағасының қымбаттауы мен банктік несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемелеріне наразылық білдірді. №3 қалалық емхананың еңбек ұжымы қызметкерлерді қолжетімді ипотекалық баспанамен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты. Өйткені баспанасы жоқ жастар уақытша тұруға, не кейіннен сатып алу құқығымен отбасылық үлгідегі жатақхана салу, бюджеттік қызметкерлерді лайықты жалақымен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуді сұрайды. Медицина қауымымен өткен кездесулерде үміткер, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша PhD докторы Әсия Ақанова «AMANAT» партиясының денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Мәселен, бағдарлама тармақтарының бірі «медицинада түбегейлі жақсартуларға қол жеткізу» болып табылады, онда қаржыландыруды ұлғайту және дәрігерлерді кәсіби тәуекелдерден қорғау көзделген. Алдағы жылдары міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мен медициналық сақтандыру қорын жетілдіру жоспарлануда, балалар дәрігерлерін қоса алғанда, тар бейінді мамандарды даярлауға арналған гранттар саны артады, барлық медициналық жоғары оқу орындарының өз клиникалары болады. Бағдарлама шеңберінде бюджеттік сала қызметкерлерін қолжетімді ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, сапалы денсаулық сақтау саласы әрбір тұрғынға қолжетімді болуы шарт. Сонымен қатар  партияның жоспарына сәйкес, Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы тиіс. Дәрігерлер мен мейірбикелер мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітіп, жұмыста қолайлы жағдай қалыптастыру қажет. Дәрігерлер кәсіби тәуекелдерден қорғалуы керек, әйтпесе уақыт өте медицина саласына келемін деушілер саны азаяды. Жалпы, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері көпшілікке үлгі болып, беделі артып, қоғамның құрметіне ие болуы тиіс», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, м.ғ.д., профессор Ғалымжан Тоғызбаев.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыруға кепілдік беріледі, бұл 730 мыңнан астам отбасының баспана мәселесін шешеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік тұрғын үй сертификаттарына құқығы бар азаматтар санын көбейту жоспарланып отыр. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.