Түркістанда жезөкшеліктен бас тартқан 17 жастағы қызды 6-қабаттан лақтырып жіберді

Түркістанда жезөкшеліктен бас тартқан 17 жастағы қызды 6-қабаттан лақтырып жіберді

Түркістанда клиентпен жыныстық қатынасқа түскісі келмеген 17 жастағы қызды мейманхананың алтыншы қабатынан құлатып жіберді. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қоғам белсендісі бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Клиент қонақүйде нөмір алып, оған кәмелет жасына толмаған қыз барады. Алайда жас қыз онымен жыныстық қатынасқа түсуден қорқып, одан бас тарта бастайды. Ол тіпті етеккірі келіп жатқанын айтады. Клиент осылайша қызметтен бас тартып, қайтадан ақшасын қайтарып беруін сұрайды. Сөйтіп, ол өзін осы жұмысқа жіберген азаматтарға хабарласады. Алайда олар клиентке ақшасын қайтарып беруден бас тартады. Кейін ол сол нөмірге келіп, қызды ұрып-соғып, алтыншы қабаттың балконынан лақтырып жібереді», – дейді ол.
Түркістан облыстық  Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар оқиғаның 23 ақпанда болғанын және алтыншы қабаттан қыздың өзі секіріп түскені туралы хабарлама келіп түскенін мәлім еткен. Белгілі болғандай, бойжеткен Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан әрі ол қазір ауруханада ем алып жатыр.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің «Суицидке жеткізу» бабы бойынша тіркелген. Тергеу барысында оқиға куәгерлерінен, сондай-ақ қонақүй қызметкерлерінен жауап алынды. Сонымен бірге барлық бақылау камералары тексеріліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді», – деп хабарлады департаменттен.
Қазір  жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады, – дейді тәртіп сақшылары.