Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде жерлесіміз Нариман Құрбанов топ жарып, алтын медаль еншіледі. Құрбанов ат жаттығуында 15.400 ұпай жинап, әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды. Бұл дисциплинада күміс медаль ирландиялық Рис Маккленаганге бұйырды. Үздік үштікті Тайбэй өкілі Шао Ю Ян түйіндеді.