5 наурызда республиканың 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде 6 наурызда өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар, тұман болжанады. Күндіз 5 наурызда облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал. Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Өңірдің солтүстігі мен батысында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 23 м/с жетуі мүмкін. Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз Абай облысында – жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с артады. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с жетеді. Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 екпіні 23 м/с. Қостанай қ: 05 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.