Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап кетті
Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап кетті
Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды.
«4 наурыз күні Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», – делінген министрлік мәліметінде.