Нұр-Сұлтанда 18 жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікте жол ақысы тегін болады. Бұл туралы CTS ("Астана LRT") компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол автобуста көлік картасын көрсету жол ақысы тегін адамдар үшін де міндетті болып қалатынын ескертті. "Осы мәліметтер негізінде біз бағыттардың дұрыс желісін құрудың негізгі элементі болатын жол жүру хат-хабарларын ала аламыз. Оқушылардың тегін жол жүруі тасымалдаушыларға қосымша шығын келтіреді. Жол ақысы тегін болуы басқа адамдарға жол ақысы ұлғаяды деген сөз емес. Әңгіме 2020 жылдың 28 наурызынан қабылданатын тариф туралы", - дейді компания басшысы.