Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
493
оқылды
Еліміздің басым бөлігіндегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі, әсіресе 6 наурызда түнде және таңертең Атырау қаласында да тұман болады деп болжанады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысы мен шығысында түнде, ал батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде 15-20 м/с, ал күндіз өңірдің батыс, солтүстікте және шығыс бөлігінде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын болады, әсіресе өңірдің солтүстігі мен шығыс бөлігінде. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскемен қаласында 6 наурызда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде Абай облысының басым бөлігінде, ал күндіз орталығында қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстіктен немесе оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал түнде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 6 наурызда түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай жарқылдаған кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбеде 6 наурызда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. 6 наурызда түстен кейін Маңғыстау облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында боран, көктайғақ болады, ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. 6 наурызда таңертең және түнде Қостанайда да жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде жаяу бұрқасын жүреді деп деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 наурызда түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. 6 наурызға қараған түні Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. 6 наурызда түстен кейін Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ, ал өңірдің шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі. Жезқазған қаласында да 6 наурызда түстен кейін көктайғақ, ал түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.