Шавкат Рахмонов UFC-дің ең үздік спортшысы атанды
Шавкат Рахмонов UFC-дің ең үздік спортшысы атанды
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC-де ресми түрде теңдессіз жетістікке жетті, – деп хабарлайды Sports.kz порталы. «Номад» Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 285 турнирінде үшінші раундта америкалық Джефф Нилден басым түсіп, өз рекордын 17-0 көрсеткішіне дейін жоғарылатты. Бұл – қазір  UFC ростеріндегі барлық жеңілмеген файтерлер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Шавкат Рахмонов бүгінгі жетістігінің арқасында Мовсар Евлоев (16-0) пен Умар Нурмагомедовтан (16-0) озып кетті.