Жексенбі күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Республикалық сайлауалды штабының кеңсесінде «Ашық есік күні» өткізілді.Келген азаматтардың сауалдарына партияның Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша ұсынылған үміткерлер Асхат Рақымжанов, Нұрлан Әуесбаев, Талғат Омаров және Мақсұт Насибулов жауап берді. Үміткерлер елордалық сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын айтып берді.
Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Раушан Әубәкірова «Ашық есік күніне» келіп, партияға қолдау көрсетті және ЖСДП төрағасына Асхат Рахымжановқа Алғыс хат табыстады.Ашық есік күнінің соңында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері де Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық сайлауалды штабының жұмысымен танысты. Социал-демократтардың үгіт-насихаты Қостанайда Мәжіліс депутаттығына бір мандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Дамир Жақанов пен партия белсенділерінің сайлау материалдарын таратумен жалғасты. Үміткерлер халықтың ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасы мен саяси жүйе реформаларына қатысты ұсыныстарына ерекше қызығушылық танытқанын айтуда.