Қарағандыда қылмыстық топтың 40 адамы ұсталды (видео)
Қарағандыда қылмыстық топтың 40 адамы ұсталды (видео)
Фото: Видеодан скриншот
798
оқылды
Кеше ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК 5-департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы қылмыстық топтың жолын кесу үшін арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Топ мүшелері қару қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топтағы адам саны 50-ге жуық. Оның ішінде, құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну тәсілін де жетік меңгерген. Өңірдегі «Арселлор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамынан тауар ұрлау фактілері әшкере болды. Топтың әлі ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Бопсалап, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, кісі өлтіруге оқталып және бұзақылықпен пайда тапқан.   https://youtu.be/IrRrok5M5Wc Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту жүргізілді. 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді. Полицияға 40 адам жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр.