Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін көтеру қажет – «Байтақ» жасылдар партиясы
Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін көтеру қажет – «Байтақ» жасылдар партиясы
330
оқылды
27 ақпан күні Алматы қаласында жасылдар партиясының өкілдері, Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер студенттермен бірігіп, экологиялық тәрбиенің маңызы жайында дөңгелек үстел өткізеді. Партия өкілдері қазақстандықтар арасында өткізген сауалнама нәтижиесінде халықтың тек 47 % ғана қоршаған ортаның мәселелерін түсініп, экологиялық өмір сүру салтына көшу арқылы ғана оны шешуге болатынын түсінетінін анықтаған. Байтақ «Байтақ» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Алматы жастарының жүзге жуық өкілі қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Арман Қашқынбеков пен Айнұр Сәбитова сөз сөйледі. Сонымен қатар, кездесуге елордалық мәслихаттың жасылдар партиясынан депутаттығына кандидаттар мен Астана қаласы штабының мүшелері, 18 жастан асқан жастар, студенттер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Байтақ Кездесу барысында халыққа экологиялық білім беру жайында ұсыныстар әзірленіп, байтақтар осы тақырыпта жаңа жоба ұсынатын болады.