Иранда коронавирустан 22 адам көз жұмған, бұл әлемде Қытайдан кейінгі екінші көрсеткіш. Бұл туралы 27 ақпанда IRNA агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, "қазіргі уақытта коронавирустан 22 адам қайтыс болған, 141 адам осы індетті жұқтырған". Өткен туәліктерде 54 Иран азаматы сауығып, емделген ауруханаларынан шыққан.
Коронавирус елдің 20 провинциясында таралған. Жұқтырғандардың көбі елдің орталық бөлігі Кум провинциясында және Тегеранда тіркелген.