"POWER SPORT" фитнес клубында зілтеміршілермен кездесу өтті
"POWER SPORT" фитнес клубында зілтеміршілермен кездесу өтті
222
оқылды
"Байтақ" жасылдар партиясының атынан Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер спортшылармен жүздесіп, алда өтетін саяси науқан туралы әңгімелеп берді. Қазір бірлік, тұрақтылық, толеранттылық пен жасампаздық ауадай қажет. Мемлекет саясатын қолдай отырып, қоғамды елді сүйе білуге ұйыту маңызды қадам екендігі айтылды. «Байтақ» партиясы мүшелерінің қатары спортшылармен толыға түспек. Жуырда зілтеміршілерге партиялық билеттер табысталмақ. POWER SPORT Кездесу барысында спортшылар бірауыздан партияның бастамаларын қолдайтындарын тілге тиек етті.