Қонақүйге өз еркімен келген жап-жас қыз 6-қабаттан секіріп кетті
Қонақүйге өз еркімен келген жап-жас қыз 6-қабаттан секіріп кетті
Фото: yvision.kz
2,736
оқылды
Полиция оқиғаның мән-жайын бейнежазбаның көмегімен анықтап жатыр. 23 ақпанда Түркістан қаласы Полиция басқармасына қонақүйдің 6-қабатынан жас қыздың секіргені туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бұл факті ҚК 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Жәбірленуші қыздың Алматы қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Ол оқиға орнынан ауруханаға жатқызылды. Тексеру кезінде оның 2005 жылы туған кәмелет жасына толмағаны анықталды. Жауап алуға жеткізілген ер адамның айтуынша, «жеңіл жүрісті» жас қыз онымен әлеуметтік желі арқылы танысып, алдын ала келісім бойынша есепшотқа ақша аудартып, қонақүйге өз еркімен келген. Алайда, қонақүйде олардың арасында өзара түсініспеушілік болып, жас қыз аударылған ақшаны қайтарудан бас тартып, жанжал шығарған. Ақшаны қайтару мақсатында аталған азамат жас қызбен сөйлесу үшін қонақүйге таныс қызын шақырып, өзі кетіп қалған. Бұл бейнекамераға түсіп қалған. Жауап алу кезінде жас қыздардың айтуынша, жәбірленуші ұялы телефонмен сөйлесу үшін қонақүйдің балконына шығып, өзі секіріп кеткен. Ал жәбірленушінің жауабында жанжалдың болғанын растап, оны сөйлескен қыздардың бірі итеріп жібергенін айтты. Бүгінгі таңда жәбірленушінің дәлелдерін тексеру үшін қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабынан ҚР ҚК-нің 24-99-бабына (Кісі өлтіруге оқталу) қайта сараланып, тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы облыс прокуроры мен Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында болады. Полиция ресми дерекке сүйену керегін ескертеді.