Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері мен жас спортшылар веломарафон ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар мәдениет және демалыс саябағынан бастап, шаһар көшелері арқылы 10 шақырымды бағындырды.
Саяси құрылым өкілдері осы арқылы қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, күнделікті автокөліктен көрі велосипедті жиі пайдалануды насихаттауды көздеп отыр. Белсенділер жастардың бос уақытын таза ауада тиімді өткізуі маңызды дейді.