Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
1,004
оқылды
«AMANAT» партиясынан ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлер «ЕвроКристалл» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді. Жиында қызметкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасы туралы толық ақпарат ұсынылды. «ЕвроКристалл» ЖШС – көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейін тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикалық өндірістерге арналған кең сұрыптамалы және әртүрлі формадағы жоғары сапалы шыны ыдыс шығаратын зауыт. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында орналасқан үздік индустриалдық жоба еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорында сыра, газдалған сусындарға арналған бөтелкелер, шырын бөтелкелері, консервілеуге арналған банкалар өндірілуде. Зауыт өнімі экологиялық жағынан таза және химиялық төзімділікпен, беріктікпен, эталонды колермен және мінсіз геометриямен сипатталады. Зауыттың инвестициялық сомасы 6,9 млрд теңге, зауыт 2014 жылдан бастып жұмыс жасап келеді және зауытта 350 ден астам жұмыскерлер жұмыс жасайды.
– Қалада жалпы жер көлемі 886 га құрайтын 5 өндіріс аумағы бар. Онда бүгінгі таңда 200 млрд теңгеге 180 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Өндіріс орындарының толымдығы 90 пайызға жетті. Сонымен қатар үшінші мегаполисте 107 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 189,4 мың адам жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі кәсіпкерлікті дамытуға, отандық өнім көлемін арттыруға күш салу. Алдағы уақытта 1,2 мың шағын және орта бизнес өкілін қолдауға жыл сайын бөлінетін 13 млрд теңге көлемінде қаражатты пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын боламыз, – деді өз сөзінде Бақытжан Позилов.
Кездесу соңында аталмыш ұжым қызметкерлері сайлауға қатысып, жетекші партияны қолдайтынын жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді