Еңбек адамының мәртебесін арттыру қажет
Еңбек адамының мәртебесін арттыру қажет
«Әлем БТ» ЖШС – отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 16 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде 2 млрд теңгеден астам өнімді ТМД және Еуропа елдеріне экспорттады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аталмыш кәсіпорында жалғасты. ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Юсупова және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мадина Кенжебаева, Әбуали Тасмұрзаев, Алмасқожа Қайыпов  кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімеледі. еңбек
– «AMANAT» – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан «AMANAT» партиясы да әр адамның еңбек етуге мүмкіндігі болуы қажет, жұмыстан аман-сау қайтып, отбасымен бірге уақыт өткізіп, ертеңіне сенімді болуы керек деп есептейді. Ол үшін біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді қолға алып, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етпекпіз. Партияның бағдарламасында зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ірі бизнес орындары қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін шығындар мен жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Сонымен қатар, еліміздің барлық кәсіпорындарында медициналық пункттерді ашуды қарастырып отырмыз, – деді Әлия Махсұтқызы өз сөзінде.
еңбек Кездесу соңында кандидаттар ұжым қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысып, жетекші партия үшін дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді