Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады. Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ, екі ел басшысы алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.