Елжан Біртанов Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға қандай шара қолданылатынын айтты
Елжан Біртанов Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға қандай шара қолданылатынын айтты
© 24.kz
130
оқылды
Корея еліндегі қазақстандықтар елге қайтар болса, олар тиісінше екі апталық карантинге орналастырылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистермен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ведомство басшысының хабарлауынша, 1 наурыз күні коронавирус індетінің қаупі жоғары елдердің тізімі жаңартылады. "Қазір Корея елінен Қазақстанға қайтқысы келетін қанша отандасымыздың барын анықтап жатырмыз. 30 мыңнан аса қазақстандықтың 25 мыңы елге оралғысы келеді делік. Қазір біздегі жұқпалы аурулар ауруханасында 7 мыңға жуық орын бар. Олардың барлығын бір мезетте жеткізу мүмкін емес екені түсінікті. Әлемнің көптеген елінде вирус жұқтырды деген күдікке ілінгендердің кейбірі үйлерінде жатып ем қабылдайды. Оларды дәрігерлер үздіксіз бақылайды. Сол тәжірибені қолдануымыз әбден мүмкін",- деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.