«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына келді. Штаб мүшелері көпбалалы аналармен, еңбек ұжымдарымен, шаруалармен және Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесті.
Таразда көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өтті.
«Бүгінде әйелдер өз іскерлігі мен қабілет-қарымының арқасында барлық салада табысты еңбек етіп жүр. Олардың ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі де ұшан-теңіз. Сондықтан ана мен балаға айрықша қамқорлық жасау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, әйелдер құқығын қорғау – негізгі басымдық болуы тиіс», – деп атап өтті партия төрағасы Ерлан Қошанов.