Түркістан облысында суға батқан үш жасар бүлдіршінді мектеп оқушысы құтқарып қалды
Түркістан облысында суға батқан үш жасар бүлдіршінді мектеп оқушысы құтқарып қалды
488
оқылды
Түркістан облысында үш жасар бүлдіршін байқаусызда арыққа құлап, тұншығып қалған. Бұл жағдай Мақтаарал ауданының Абай ауылында болған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ернұр есімді бүлдіршін үйден шығып, байқаусызда суға батып кеткен. Оны атпен шауып бара жатқан жасөспірім көріп қалып, шалшық судан алып шыққан. Сегізінші сынып оқушысы Нұрполат Нұргелді үлкендерді көмекке шақырған. Абырой болғанда үш жастағы бүлдіршін аман қалды. Ауыл тұрғындары есінен танып қалған баланың аяғы мен қолын қимылдатып, жасанды дем беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Сөйтіп тірілтіп алды. Артынша жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Аудан орталығынан келген дәрігерлер баланың денсаулығын тексеріп, жағдайы бірқалыпты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытынды жасаған.