UFC 285 турнирінен кейін Шавкат Рахмоновты АҚШ полициясы тоқтатты
UFC 285 турнирінен кейін Шавкат Рахмоновты АҚШ полициясы тоқтатты

Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңгеннен кейін Шавкат Рахмоновтың танымалдығы арта түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бірге суретке түсіп алу үшін қазақ спортшыны әртүрлі жерлерде тоқтататын болған. Осылайша, полицейлердің бірі Шавкатты тоқтатып, естелік суретке түсуді сұраған. Ал Рахмонов ешкімнің қолын қағып, бетін қайтармады.