ШҚО-да ауылды су басқаны туралы жаңалық жалған болып шықты
ШҚО-да ауылды су басқаны туралы жаңалық жалған болып шықты
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауылды су басып жатқаны туралы ақпарат жалған. Бүгін әлеуметтік желіде Ұлан ауданы Горняк ауылын су басып жатқаны туралы видео тарады. Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бұның шындыққа жанаспайтындығын мәлім етті. «Бірде-бір үйді су баспады. Ауыл тұрғындарынан су тасқыны туралы хабарласқан ешкім болған жоқ. Қазір аймақтағы жағдай тұрақты. Бейнежазбада таудан ағып жатқан қарғын су түсірілген. Сондықтан жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз», - делінген ақпаратта.