Қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді
Қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді
470
оқылды
Елордада мерекеге орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді. Астана, Қарағанды, Алматы, Ақ­­мола облысынан келген ша­бан­­доздар 8 наурызда «Арғы­мақ» ат-сауықтыру спорт ке­шенінде үздіктерді анықтайды. Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрде­лі­лігі бойынша 4 ба­ғыт­та жарыса­ды. Мәселен, бі­рін­ші санат – «Әуес­қойлар са­наты, 105 см»; Екін­ші санат – «Балалар санаты 12-15 жас, 110 см»; Үшінші санат – «Ашық сы­нып санаты, 120 см»; Төр­тінші санат – «Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см». Жарыстың жалпы жүл­де қоры – 6 000 000 теңге. Ұйымдастырушылар жел­мен жарысқан сұлу да сым­бат­ты ша­бан­­доз қыздарды қол­дауға шақы­ра­ды. Іс-шара қала әкім­дігі қол­дауымен және Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерация­сы­ның ұйым­дас­тыруы­мен өтеді.