Сән көрсетіліміне қатысты

Сән көрсетіліміне қатысты

Отандасымыз Рахат Көш­­­­­кін­­баев атақты Balenciagа брен­дінің сән көрсе­тіліміне қатысты. Биыл әлемдік брендтің күз-қыс маусымына арналған сән көр­се­тілімі Парижде өтті. Оған отан­дасымыз Рахат Көшкінбаев модель ретінде қатысты. Ол көр­сетілім жайында Instagram парақ­шасында жазды.

«Мен Balenciagа көрсе­тіліміне қатысқан бірінші қазақ екенімді мақтан тұтамын», – деп жазды Көшкінбаев. Сондай-ақ коман­дасына және Balenciaga сән үйіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Рахат Көшкінбаев басқа мо­дельдермен бірге аталған бренд­тің күз-қыс топтамасына кіре­тін ак­сессуарлары мен киім­­дерін таныстырды.

Айбике ЖАНАСЫЛ